Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

« Назад

Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару 28.03.2018 09:19

-Салық төлеушінің салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша;

-Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш бойынша он жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

-Қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың,бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша салықты,бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды  қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық органына ұсынылады,яғни аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген болса:

1. Төлем құжатында:

Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; Салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; Төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

3. Ақша жіберуші-салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

4. Ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтын, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.

Салық органы көрсетілген қателерді растаған жағдайда,осы салық органы:

-қате төленген сомаларды тиісті бюджет сынптамасының кодына және тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

-салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.

Қ.Шалов,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ.