Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылда атқарылған жұмыс қорытындылары

« Назад

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылда атқарылған жұмыс қорытындылары 24.03.2017 16:12

Қармақшы ауданы бойынша 2016 жыл  қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің  болжамы  1413324,0 мың теңге құрап, салықтар мен түсімдер түсімі 1484060,0 мың  тенгеге орындалды. Мемлекеттік  бюджет  70736,0  мың  тенгеге  артығымен  түсіп  немесе  105  пайызға  орындалды. Атап айтқанда республикалық бюджеттің болжамы 259400,0  мың тенге, орындалуы 287285,0мың  тенге немесе 110,7  пайызға  орындалды. Облыстық және жергілікті бюджеттің болжамы  1153924,0 мын теңге құрап, орындалуы 1196775,0  мың  тенге  немесе 103,7 пайызға  орындалды. 

2016 жылы  басқарма тарапынан салық төлеушілердің қарызын азайтуда және салық түсімдерінің уақытылы және толық бюджетке төленуі үшін бірқатар жұмыстар атқарды.

Аудан  бойынша 01 қаңтар 2016 жылғы жағдай бойынша салық төлемгерлерінің бюджетке бересі 6 млн 961 мың теңгені құраған. Осы берешектері бар салық төлеушілердің қарыздарын азайту мақсатында салық берешегін өтеу туралы  - 28983,0 мың теңгеге  401 хабарлама  шығарылып, салық төлеушілерге  табыс етілді. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларына - 27413,0 мың теңгеге 70 салық төлеушінің есеп шоты  тоқтатылды. 29214,5 мың теңгеге 85 салық төлеушінің  кассасына тоқтам жасалынды. 4356,1 мың теңгеге 76 салық төлеушіге  инкассалық өкім қойылды.

Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде салық төлеушілер берешегі 221 мың теңгеге азайтылды.

2016 жылы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыстарының басты бағыттарының бірі бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестіру болды. Атап айтқанда, салық базасын ұлғайту, бюджетке қосымша кіріс көздерін іздестіру мақсатында аудан әкімінің шешімімен аудан әкімінің өзінің басқаруымен жұмысшы тобы құрылды. Топ құрамына аудандағы жергілікті уәкілетті, атқарушы органдар өкілдері қамтылды.

Камералдық бақылау нәтижесімен 2016 жылы аудан бойынша 25 хабарлама қалыптастырылып, аталған хабарлама бойынша қосымша салық декларациясын тапсыру нәтижесімен қосылған құн салығынан қосымша 10 млн 137  мың тенге есептелініп бюджетке түсірілді.

Қолма қол бақылау нәтижесімен  жыл басынан бастап 11 салық төлеушіге хабарлама, 96 салық төлеушіге хабарлау беріліп, қорытындысымен бюджетке ҚҚС-нан 6 млн 480 мың тенге, корпоративтік табыс салығына 2 млн 256,8 мың тенге, жергілікті бюджеттің табыс салығына, әлеуметтік , көлік, мүлік салықтары бойынша 21 млн 724 мың теңге  қосымша салық есептелініп түсірілді.

Салық базасын ұлғайту, қосымша кіріс көздерін іздестіру бойынша басқармамен іс-шаралар жасалынып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Оның ішінде, табыс көлемін көтеру мақсатында 74 салық төлеушімен әңгімелесу жүргізіліп, қорытындысымен 39 салық төлеушілердің табыстары  96 млн  670 мың тенгеге көтеріліп, табыс салығына 1 млн 458 мың тенге, әлеуметтік салығына 1 млн 297 мың тенге есептелініп төленді.

Бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтарының жеке көліктеріне салынатын салықтарын жинауды ұйымдастыру жайлы аудан әкіміне ұсыныс жасалынып, оң шешімін тапты.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен аудан бюджетіне қосымша 38 млн 218 мың теңге қаржы түсірілді.

Қ. Сәден,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы.