Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Көше бойы толған такси

« Назад

Көше бойы толған такси 14.05.2020 17:42

       Бүгінде қала көшелерінен такси табу қиынға соқпайды. Қара жолдың бойында қол көтерген жолаушыны кез келген көлігі бар азамат ала кетеді. Бір сөзбен айтқанда такси жүргізушілерінің саудасы қызып-ақ тұр.

         Нағыз көлденең такси қызметінің қызу саудасы-базарлар мен вокзалда. Олардың сұрайтын ақысыда осал емес. Базар немесе вокзалдан қаладағы діттеген жерге жету үшін тәулік мерзіміне және ара қашықтыққа сәйкес кемінде 500-1000 теңге төлеу керек. Ресми тіркелген таксилерден гөрі заңсыз такси қызметімен айналысатындардың қарасы қалың болатыны да сондықтан. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын таксисттердің көпшілігі жұмыссыз жандар. Отбасының күнделікті қажетін өтеу үшін көлікке отырып, табыс табуды көздегендер. Әрине, әркімнің де күн көріс қамы үшін еңбек еткені жөн-ақ. Бірақ олардың қарапайым халықтың қалтасына тым қатты салмақ салатыны тағы бар. Такси қызметіне жүгінгеннің барлығы қалталылар емес, олардың қатарында зейнеткер де, қарапайым жұмысшы да, студент те бар.

         Заңсыз болса да, осы қызмет арқылы бір отбасын асырап-бағып отырғандардың бары жасырын емес. Бір жағынан, мұндай жүргізушілерге түсіністікпен қарау керек секілді. Алайда олар тапкан табысынан неге салык төлемеуге тиіс? Осындай заңсыз қызмет арқылы нәпақа тауып, пайда көзіне айналдырғандарды тәртіпке салуды Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыныңда қолға алғанына да біраз болды.

         Қызметін заң жүзінде рәсімдемей табыс тауып жүрген жүргізушілерге жолаушы тасымалдауға бұрыннан–ақ рұқсат жоқ. Сондықтан басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан арнайы шара барысында заңсыз жүргізушілер анықталып, әкімшілік жазаға тартылуда. Басқарманың түпкілікті мақсаты такси жүргізушілерінің  қызметін заңдастырып, мемлекет қазынасына тиісті салықтарын түсіруді қамтамасыз ету. Әрине, мұндай талап заңсыз түрде жолаушы тасымалдау  арқылы напақасын тауып журген жүргізушілерге унай қоймайтыны бесенеден белгілі. Құзырлы органдар мұндай «кәсіпкерлерге» заң талаптарын орнату мақсатында жыл басталысымен заңсыз такси қызметіне тосқауыл қою бағытында пәрменді іс-қимыл атқарып келеді.

         Жалпы, кәсіби такси жүргізушісіне қойылатын арнайы талап ереже әу бастан бар. Ол бойынша такси жүргізушілері ең алдымен жек кәсіпкер ретінде тіркелуі, яғни жолаушы тасымалымен айналысатыны туралы сәйкестік құжаты болуы қажет. Одан кейін көліктерін такси белгісімен жабдықтап, жүргізушілері арнайы киім үлгілерін киюге міндетті. Сондай-ақ, көлік салонында жүргізушінің фотосуреті, аты-жөні көрсетілген анықтама карточкасы, тасымалдаушы кәсіпорынның ресми атауы, оның мекен-жайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта болуы шарт. Әрбір такси жүргізушісі қауіпсіздік шараларын орындап, көлігін арнайы тексеруден өткізіп тұруы керек. Өйткені, ол жолаушының қауіпсіздігі үшін жауапты.

         Мемлекеттік кірістер басқармасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері бойынша түсім болжамы жылдан-жылға артып келеді. Оның межесінен әрдайым шығып отыру мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында басқарма қызметкерлері заңсыз жолаушы тасымалдап жүрген жеке тұлғаларды дара кәсіпкер ретінде тіркету мақсатында олардың қатысуымен семинар-кеңестер өткізіп, түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.

         Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 69 бабына сәйкес салық органдары салықтық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексінің 19-бабы 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі заң талабын түсіндіреді. Яғни, көлеңкелі бизнеспен айналысып жүрген азаматтар көрсетілген заң талаптарын орындаса, нұр үстіне нұр болары анық.

         Облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығынан қала аумағында орналасқан бейне бақылау камераларына такси белгілерін тағып жолаушы тасымалдаумен айналысып жүрген таксилердің суреттері алынып, әкімшілік жол полициясынан такси иелері анықталуда, бейнекамералық байқау жұмыстары жасалып, тіркелмей заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысып  жүрген жеке тұлғаларға дара кәсіпкер ретінде тіркелу керектігі жөнінде тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

         Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында 65 жеке тұлға жолаушы тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкер ретінде тіркелді. Жалпы ағымдағы кезеңге Қызылорда қаласында барлығы 430 салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, жолаушы тасымалдау қызметін заң талаптарына сәйкес атқаруда.

         Тіркелмей заңсыз жолаушы тасымалдау қызметімен айналысып жүрген  жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, тиісті салықтарын қазынаға төлеп отырса еліміздің өсіп-өркендеуіне жергілікті бюджет түсімінің ұлғаюына өз септігін тигізетіні сөзсіз.

                                               Қызылорда қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы.