Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті және Қызылорда каласында орналасқан жоғары оқу орындары мен колледждері меморандумға қол койды

« Назад

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті және Қызылорда каласында орналасқан жоғары оқу орындары мен колледждері меморандумға қол койды 26.06.2019 16:40

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті және Қызылорда каласында орналасқан жоғары оқу орындары мен колледждері арасында ынтымақтастық және өзара іс-кимыл жасау үшін МЕМОРАНДУМға қол койды.

Мақсаты: Жоғары және арнаулы оқу орындары студенттеріне кәсіби тәжірбие алуға көмек көрсету мақсатында, ғылыми жәэне тәжірибелік жұмыстарына қатысты салықтық және кедендік заңнамаларының қажетті материалдарын ұсыну, тәжірибелік жұмыстары кезінде жауаптылык пен белсенділік көрсеткен студенттерді Мемлекеттік кірістер органдарына және басқа жерлерге жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің жұмыстарымен және кіріс органының тыныс-тіршілігімен таныстыру.

Мемлекеттік кірістер Департаменті, жоғары оқу орындарының және колледж студенттерінің қатысуымен, ірі сауда орындары мен базарларда кәсіпкерлік қызметімен айналысатын салық төлеушілерге салық заңнамаларын, нормаларын және қызметтер мен тауарлар сатылғанда фискалдық чек беру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлайды.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті.