Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

« Назад

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды 15.04.2020 12:21

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Олар салық және кеден органдарында жұмыс атқарған 47 ардагерлерге және тұрмыстық жағдайы төмен 8 техникалық персоналға бірінші кезекте қажет азық-түлік (продуктовый набор) табыс етті.

Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан осал (социально уязвимые) 65 қызметкерге қаржылай көмек көрсетілді. Тұтастай алғанда осы қиын кезеңде Департамент тарапынан 2,5 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді.

         Төтенше жағдай кезінде әріптестердің өздерін ұмыт қалдырмағанына риза болған ардагерлер, әріптестер ыстық ықыластарын білдіруде.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баршаңызға мықты денсаулық тілейді.

Үйде болыңыздар! Амандықта жолығайық!

Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті.