Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕДЕРГІСІ

« Назад

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕДЕРГІСІ 09.04.2020 16:12

       Елімізде қоғам дерті атауына не болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген.

Тіпті, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жүйелік және кешенді сипатқа ие болуда.

Елбасы өзінің жыл сайын Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында ұлттық қауіпсіздік  пен қоғамда тұрақтылықты сақтаудың жалпыұлттық кешенді бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айта отырып, жемқорлықпен күрес барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Расында да, бүгінде қоғамға жегі құрт болып енген жемқорлық билік еткен елде экономиканың алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер ретінде тез арада реттеуге тиіс.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен қызметін баршаға сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету қажет. Ол үшін материалдық игілік, жетістіктер мен сапалы білім болуы тиіс. Расында да, басқа дамушы елдер сияқты, бұл кесел біздің де мемлекетімізді айналып өтпеді. Бірақ, елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер  дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Осы орайда, мемлекеттің дамуына еліміздің әрбір азаматы үлес қосуға мүдделі. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлық ата-бабамыздан қалған мұра емес. Сондықтан құрметті ағайын өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамымыздың дамуына өзінің кері әсерін тигізіп келе жатқан  осы құбылыспен күресу баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпайық.

Ысқақов Тұрсынбек Дайрабекұлы,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Берешектермен жұмыс Басқармасының Мәжбүрлеп
өндіру бөлімінің бас маманы.