Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Қоғам дамуына қауіпті құбылыс

« Назад

Қоғам дамуына қауіпті құбылыс 18.04.2019 09:14

     Сыбайлас жемқорлық  - қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың  бірі. Ол экономика мен әлеуметтік қатынастарды ғана емес, қоғамның  құндылықтары мен моральдық негіздерін бұзып, мемлекеттік аппараттың  тиімді жұмыс істеуіне, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке де елеулі қатер төндіреді.

     Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде  мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан теріс көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі  келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты – бармақ  басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың  өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Жемқорлыө ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында «сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің  конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет», - деген болатын. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында  елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр.  Сондықтан, Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа ресурстардың  дамуы  жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі  күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

        Қорыта айтқанда, жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдардың  заң мен сот алдында теңдігін сақтап, жеке және заңды тұлғалардың  бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде күрес жүргізіп, жемқорлықмен күрес жалпыға ортақ міндетке айналғанда ғана бұл кеселдің  тамырына балта шабылары сөзсіз.

Н. Ержанов,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер Басқармасының бөлім басшысы.