Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ҚҚС төлеушілер назарына!

« Назад

ҚҚС төлеушілер назарына! 11.07.2019 12:32

Қосымша құн салығын әкімшілендіруді «Blockchain» технологиясын қолдану арқылы жүргізуді көздейтін,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 желтоқсан 2017 жылғы № 827 Қаулысымен бекітілген  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында,  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне кейбір өзгерістер енгізілді.

Осыған сәйкес, ҚҚС төлеушінің ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын есепке алу үшін ғана пайдаланылатын жеке банктік шот болып табылатын ҚҚС Бақылау шотын ерікті негізде ашуына қатысты нормалар енгізілді. 

ҚҚС Бақылау шоттарын қолданатын экспорттаушылар үшін салық төлеушілерге қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасын растау бойынша салықтық тексерулер жүргізілместен ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару жүргізіледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап алғаш рет кезең –кезеңмен тауарлар тізбесін бекіту жолымен ішкі өткізулер кезінде  ҚҚС Бақылау шоттарын пайдаланған жағдайда ҚҚС төлеушілерге тексеріс өткізусіз ҚҚС қайтару қарастырылған.

ҚҚС Бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушілерге ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару процедурасын жеңілдетуге және салық төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын кеңінен қолдануын қолдау мақсатында, ҚҚС қайтару 15 жұмыс күні ішінде тексеріс өткізусіз жүзеге асырылады.

ҚҚС Бақылау шотын пайдалану кезіндегі бөлектеп есепке алу және ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару механизмі «Blockchain» технологиясын қолдану арқылы жүргізіледі.

Аталған өзгерістер ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару процесін оңтайландырып, көлеңкелі қаржы операцияларын болдырмауға және экспорттық операциялардың және сауда-саттық көлемінің ұлғаюына ықпал етеді.

Ш.Оспанова,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Жанама салықтарды әкімшілендіру Басқармасының бас маманы.