Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Құс тымауының алдын алу жұмыстары бойынша «Көкарал» аңшылық шаруашылығының жұмыстары

« Назад

Құс тымауының алдын алу жұмыстары бойынша «Көкарал» аңшылық шаруашылығының жұмыстары 01.10.2020 09:43

«Көкарал» аңшылық шаруашылығы Қызылорда облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы "26" желтоқсандағы № 1291 қаулысы негізінде 10 жыл мерзімге «Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясы» қоғамдық қорына бекітіліп берілген.

    Аңшылық шаруашылығы Қызылорда облысы Арал ауданының аумағындағы Арал теңізі жағалауында  орналасқан. Аңшылық шаруашылығының алаңы: 47492 гектар.

      «Көкарал» аңшылық шаруашылығының санаты: IV, аңшылық шаруашылығы қызметiнiң негiзгi бағыты: жануарлар дүниесі түрлерінің әр алуандылығын, олардың мекендеу ортасын, жануарларды, оның ішінде аң аулау объектісіне жатпайтындарды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды және қорғауды сақтау, әуесқой (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру.

2020 жылдың қыркүек айының бірінші жексенбісінен бастап аңшылық алқаптарда аң аулау, жыл құстарын аулау мерзімі ашылған болатын. «Көкарал» аңшылық шаруашылығы облысымыздағы Арал теңізінің жағалауында орналасқан, және осы күзгі уақытта бұл жерлерде жылы жақа қыстауға ұшатын әртүрлі құстар салқын түскенше мекендейді.

Қызылорда облысының ветеринария басқармасының 21.09.2020 жылғы «құс тұмауы туралы» жолданған хатында еліміздің солтүстік аумақтарында жабайы жыл құстары арқылы құс тұмауы ауруы тіркелені хабарланған.

ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес қорықшылар – жануарлар ауырған және дүлей зілзала кезінде қырылуы қаупі төнген жағдайларда жануарлар дүниесі объектілерне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Осыған орай, 2020 жылың 19-20 қыркүйегінде Қордың қызметкерлері мен аңшылық алқаптың қорықшылары бірлесіп аңшылық шаруашылығында жануарлар дүниесінің ауруларын, жаппай қырылмауын болдырмау, алдын алу мақсатында залалсыздандыру, қауіпті қалдықтардан және қоқыстардан тазарту, жануарлар жағдайына мониторинг, бақылау жүргізу шараларын жүргізді. Сонымен қатар, тиісті рұқсатын алып, осы аймақта аңшылық жасап жүрген аңшыларға жабайы жануарлардың жағдайы нашарлауы, ауруы немесе өлекселері анықталған жағдайда қорықшыларға, Инспекцияға және басқа да құзырлы мекемелрге жедел хабарлау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.