Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Құрметті әріптестер!

« Назад

Құрметті әріптестер! 29.11.2019 16:35

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Ғ. Орынов,
Құрметпен, Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы.