Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Ибалы келін – Гүлзана

« Назад

Ибалы келін – Гүлзана 09.06.2017 13:56

    Біздің әріптесіміз – Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы Қожамұратова Гүлзана «Енесі зиялы болса – келіні ибалы» деп аталатын конкурсқа қатысып, жеңімпаз болғанын қуана жеткіземіз.
   Облыстық ардагерлер кеңесі осымен екінші жыл осындай конкурс жариялап, отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп келеді. Байқаудың басты шарты – қатысушы отбасының ұстанымы мен тәрбиесін келін мен ененің арасындағы байланыс арқылы көрсететін мақала жазып тапсыру. Барлық қатысушылардан өтініш түрінде түскен осындай  мақалалар сараланып, әр ауданның үш үміткері таңдап алынған. Қармақшы ауданынан озып шыққан келіннің бірі – біздің әріптесіміз Гүлзана. Ол - Қармақшы ауданында танымал тұлға, білім саласының ардагері, Қазақ ССР ағарту ісінің озық қызметкері Талмаш Жұмабаеваның келіні.
    Гүлзана өз мақаласында енесінің тәлімін тамаша көрсеткен. Ұлағатты ұстаз болуымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрін жақсы білетін, білгенін үйрету мақсатында тойларда салт-дәстүрлерді жүргізетін, «Әжелер ансамблінің» құрамында ән салатын, оюлап көрпе тігіп, қыз жасауын жасайтын енесі Талмаштың биік бейнесін байқау барысында сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау арқылы толықтырды. Ене мен келін арасындағы сыйластық пен сырластық, отбасының бірлігін сақтаудағы әйел-ананың орны, балалары мен отбасына махаббаты мен мейірімін төгудің шапағаты туралы жазған дүниесін көпшілік алдында өз мінезімен, білімімен дәлелдей алды. 
  Айтулы ардагер енелердің лайықты ізбасары бола алатынын байқатып,  «Үлгілі келін» атанған жеңімпаздарды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов марапаттады.
  Ұлағатты шаңырақтың шаттығын 18 жылдан бері жалғап келе жатқан, 3 баланың анасы Гүлзана Қожамұратова тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. 16 жылдан бері салық саласын меңгеріп келеді.
   Жеңісіңіз мерейлі болсын, әріптес!  Сіздің және отбасыңыздың осынау  қуанышы мен  мәртебесіне ізгі ниетімізді қосамыз!

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.