Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Электронды сауда қызметі

« Назад

Электронды сауда қызметі 01.08.2019 10:16

Ел басының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаhандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауында перспективалық сала- электронды (онлайн) сауданы жүзеге асыруға баса назар аударған болатын. Электронды коммерцияны қолдау және дамыту үшін тиісті институттық база құрылды. 2018-2020 жылдарға арналған электронды сауданы дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді.

Салық кодексіне 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап электронды сауда саласында табыстардың (КТС және ЖТС) мөлшерлемесін 0%-ға дейін азайту бойынша жеңілдіктер көзделді.

Осындай жеңілдіктерді алу үшін электронды сауда субъектілері төменде аталған шарттарды сақтауы тиіс:

- тауарларды сату кезінде мәмілелерді электронды түрде тіркеуді жүзеге асыру;

- тауарларға ақы төлеуді қолма-қол төлемсіз жүргізу;

 - сатып алушының (алушы тарап) өз тауар жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, Сонымен бірге, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабы, 1-тармағы, 10-тармақшасында тауарлармен электрондық  сауданы  жүзеге асыратын салық төлеушілерді  жекелеген қызмет түрлерін  жүзеге асыратын  салық төлеуші  ретінде тіркеу  есебіне қою белгіленген.

Тауарлармен электрондық сауданы  жүзеге асыратын салық төлеушілерді жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші  ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының  Заңында  айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін  жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі. Осы хабарлама  салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Жалпы елімізде электронды сауда саласы шағын және орта бизнес субъектілерінің әкімшілік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді интернет арқылы сатуға деген халықтың сенімін арттырады, бизнестің құзіретін күшейтеді, қолма-қол ақшасыз төлемдердегі  комиссияларды азайтады.

 

Г.Қоңырбаева,

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,
"Камералдық мониторинг" басқармасының бас маманы.