Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕЛИОРАЦИЯ

« Назад

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕЛИОРАЦИЯ 10.05.2017 15:50

Жобаны  жүзеге  асыру  Жаңақорған-Шиелі  алабындағы 30мың  гектар  жерді  ылғал  азайған   кездің өзінде  сумен тұрақты қамтуға мүмкіндік береді.

Өңірдің экологиялық ахуалын  жақсарту мақсатында  жалпы көлемі  10707 гектар   жерге сексеуіл мен  декоративті  ағаштардың  көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, Арал теңізінің  кеуіп кеткен жерінде  құмды бекіту мақсатында  және  егістік алқаптарды  зиянды  заттар мен тұздан қорғау үшін 5 мың  гектар  аумаққа  орман  аумаққа  екпе  ағаштары отырғызылды.

Бұдан басқа  көшет материалдарын  өсіру үшін 17,8 гектар жерге орман питомниктері ұйымдастырылды.

Соңғы  жылдары  қоршаған ортаны  қорғау  және табиғи  жағдайын  жақсарту  бағытында біздің облыста да бірнеше ірі-ірі  жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда,  бүкіл әлем тәжірибесінде болмаған  теңізді  сақтап  қалуға  арналған «Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзені арнасын ретке келтіру»  жобасының 1-ші кезеңі толық  жүзеге   асырылып, мыңдаған гектар жайылымдақтар  мен шабындықтар қалпына келтірілді  және жүздеген  балық  шаруашылығындағы маңызы бар  көлдер пайда болды.

Өңірдің  микроклиматы  жақсарып, тиімді экономикалық жаңдайы қалыптасты. Қазіргі кезде осы жобаныі 2 кезеңін жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Сонымен  бірге  аймақта  Арал  теңізінің  құрғаған  табанын бекіту, одан ұшатын тұзды-шаңды болдырмау  мақсатында  жылына 2-2,6 мың гектар жерге сексеуіл  және  сарсазан  бұталарының  тұқымдары  себіліп және көшеттері отырғызылса, барлық фитомелиорация жұмыстары жүргізілген  жердің  ауданы  55 мың   гектардан   асып   кетті.

Облыс аумағындағы ауаны таза ұстау мақсатында мұнаймен бірге шығатын   ілеспе  газды кәдеге жарату бағдарламасы жүзеге асырылып облыс орталаған  газбен  қамтамасыз  ету  станциясының салу нәтижесінде облыс орталығы  Республикадағы  қалдық  суларды  толық  залалсыздандыруға  мүмкіндігі  бар  санаулы  қалалардың  біріне   айналды.

Дегенмен, қазір өңірде  шешімін таппай келе жатқан  өзекті мәселе жоқ емес. Атап айтсақ, олар тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинауды ретке келтіру және  залалсыздандыру,  аймақтың жер қорларының тұздануы, шөлейттену  процесінің  етек елді мекендерде  га құю  бекеттерін салуды қажет етуде.

Елді мекен тазалығы, көгалдандыру  және абаттандыру іс-шаралары да өз дәрежесінде атқарылмауда.

Әрине  көше  тазалау, ағаштар  отырғызу, қаланың  ішін қоқыстардан тазарту  жұмыстарының  жиі-жиі  акцияларға  айналып  жатқаны  сондықтан.

Өкінішке  қарай  бұл мәселеде, әсіресе, оқушылар, студенттер және мемлекеттік  мекемелер  ғана  белсенділікпен   жұмыс жасаса, көпшілік халық  әлі  де   енжарлық  танытуда.  Осындайда  ойыңа   еріксіз  франсуз  ғалымы  Антуан  де Сент-Экзюперидің  баяғыда  айтып кеткен «Таңертең  тұр да өз планетаңды  тәртіпке келтір» деген сөзі еске түседі.

                                                                                                        С.КАРИМОВА,
Қызылорда облысы бойынша
экология департаментінің  бас маманы.