Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады

« Назад

БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады 22.05.2020 19:16

  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның
2020 жылдың 1 мамырындағы негізгі көрсеткіштері

Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейін 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты және 2020 жылдың 4 айында 8%-ға  ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 273 млрд теңге (өсім 11%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсім 7%).

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 347,1 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштен 15%-ға артық. Төлемдер 52,6 млрд. теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (21,4 млрд.теңге), ҚР шегінен тыс ТТЖ кету бойынша (12,6 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (9,8 млрд. теңге), мұрагерлерге (7,4 млрд. теңге), жерлеуге (0,8 млрд. теңге) берілген.

             2020 жылдың басынан бастап 1 мамырға дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 536 млрд теңгеден астам таза инвестициялық кіріс есептелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 381,1 млрд теңгеге артық. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың алғашқы төрт айында таза инвестициялық кіріс 154,9 млрд теңгені құраған болатын.

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы.