Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің жұмыс кестесіндегі өзгеріс

« Назад

«БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің жұмыс кестесіндегі өзгеріс 15.04.2020 11:19

Құрметті салымшылар (алушылар)!!!

       Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды өтінеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордың барлық бөлімшелері жаңартылған қызмет көрсету режиміне көшетінін хабарлайды:

1.  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Қор 2020 жылғы 30 наурыздан бастап салымшылардың (алушылардың) құжаттарын күндізгі қабылдауды толық тоқтатады және Қордың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдарында қашықтан қызмет көрсету режиміне көшеді, ал 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Шымкент қаласындағы филиал, 2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Ақтөбе, Қарағанды, Тараз қалаларындағы филиалдар, 2020 жылдың 13 сәуірінен бастап Қызылорда қаласындағы филиал да өзгертілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл филиалдардағы қашықтан қызмет көрсету тәртібі белгіленген карантин режимі аяқталғанға дейін созылады.

2.    2020 жылғы 30 наурыздан бастап Қордың барлық басқа өңірлік бөлімшелерінде, Қор көрсететін қызметтердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, кейінге қалдыруға болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда (жоғарыда аталған қалаларды қоспағанда) enpf.kz сайтына орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекші қызметкерлер жұмыс істейтін болады.

Байланыссыз жұмыс режимі тағайындалған қалаларда қызмет көрсету Қор кеңсесінде арнайы жабдықталған және тұрақты дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы халықтан құжаттар қабылдау жолымен жүзеге асырылады.

       Алдын ала жазылуды өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлері (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшін) нөмірі бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып жүзеге асыруға болады.

Сіздің назарыңызды құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің төмендегі басым (кейінге қалдыруға болмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылатынына аударамыз және бұл жағдайға түсіністікпен қарауды өтінеміз:

- салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- мүгедектігіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу;

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұрагерлік);

- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштерді ресімдеу.

       Қордың өзге де қызмет түрлерін Сізге ENPF ұялы қосымшасы мен Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде алуға кеңес береміз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса берілген).

       Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

       Сонымен қатар біз Сізге жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайынбыз:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Қор бөлімшелері жұмысындағы барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Құрметпен, «БЖЗҚ» АҚ ұжымы!!!