Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Бюджетке қате төленген сомаларды қайтару жолдары

« Назад

Бюджетке қате төленген сомаларды қайтару жолдары 28.04.2017 17:39

Кей жағдайларда мемлекет пайдасына төленуге тиісті ақша қаражатының бюджетке түспей, басқа кодқа (бюджеттік жіктеу коды) немесе басқа ЖСН-ге (жеке сәйкестендіру номері) түсіп кететін жағдайлар кездеседі.  Мұндай жағдайда әркімнің өз тарапына бюджетке қате төленген сомаларын еш кедергісіз қайтарып алуға толық мүмкіндігі бар екендігі ҚР-ның қолданыстағы заңнамалық актілерде толық ескерілген.

Атап айтқанда, ҚР «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 601-бабына сәйкес қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару кірістер органы арқылы жүзеге асырылады. Қате төленген сомаларды қайтару:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша;

2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш бойынша;

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша жүргізіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:

қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген кірістер органына ұсынылады.

                                                                              Қ. Сәден,

                                     Қармақшы ауданы бойынша

                                                      Мемлекеттік кірістер

                                                                      басқармасының бөлім басшысы.