Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Бюджетке қате төленген сомаларды қайтару жолдары

« Назад

Бюджетке қате төленген сомаларды қайтару жолдары 29.03.2017 16:05

Көп жағдайда мемлекет пайдасына төленуге тиісті ақша қаражатының қате жазумен бюджетке түспей, басқа кодқа (БЖК: бюджеттік жіктеу коды) немесе басқа ЖСН-ге (жеке сәйкестендіру нөмірі) түсіп кететін жағдай жиі кездеседі. Дегенмен, біреуге аз, біреу көп сома кей кісілердің қалтасына ауыр тиері анық. Алайда, Ата-заңның 1-бабында еліміздің ең қымбат қазынасы болып - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылған. Яғни, әркімнің өз тарапына бюджетке қате төленген артық сомаларын еш кедергісіз қайтарып алуға толық мүмкіндігі бар екендігі ҚР қолданыстағы заңнамалық актілерде толық ескерілген.

Атап айтқанда, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 601-бабына сәйкес, қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару салық органы арқылы жүзеге асырылады. Қате төленген сомаларды кері қайтару:

1) Салық төлеушінің есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш бойынша;

2) Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым  берген өтініш бойынша;

3) Қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы бойынша жүргізіледі.

Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берген күннен бастап он жұмыс күн ішінде, ал салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

 А.РАМАНКУЛОВА,
Cырдария ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы.