Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

БОЛЖАМ ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛДЫ

« Назад

БОЛЖАМ ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛДЫ 19.09.2017 14:25

    Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі мақсаттарының бірі белгіленген болжамның  орындалуы үшін бюджетке салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету және қосымша кіріс көздерін іздеп табу.

      Жалпы аудан бойынша 2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік бюджеттің орындалуы 112,6 пайызды құрады. Болжам – 1 млрд 693 мың теңге болса, нақты түсімі – 1 млрд 126 млн 853 млн. теңге немесе 126,2 млн теңгеге артық түсті.

     Оның ішінде Республикалық бюджеттің түсімі болжам бойынша – 196,6 млн. теңге, нақты түскені – 218,5 млн. теңге, яғни 22,1 млн. теңгеге артық немесе 111,3 пайызды құрады.

     Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша – 804,0 млн. теңге, нақты түскені – 908,0 млн. теңге, яғни 104,0 млн. теңгеге артық немесе 112,9 пайызды құрады.

     Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қосымша кіріс көздерін іздеп табу үшін салықтық әкімшіліктендірудің барлық шараларын қолдануда, атап айтқанда камералдық бақылау жасау, берешек төлемдерді өндіріп алу, жергілікті атқарушы органдармен өзара байланысты жетілдіру жолдарымен қосымша кіріс көздерін қамтамасыз ету және басқа да іс-шаралар. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджетке - 37,9 млн. теңгеден аса қосымша түсім қамтамасыз етілді.

                                                                                    Қ. Сәден,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
талдау, есептеу және салықтық
бақылау бөлімінің басшысы.