Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері

« Назад

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері 21.05.2020 16:08

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес, табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:

1) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға мынадай:

профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімділігі сақталмаған;

профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, Кәсіпкерлік Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не олар өтіп кеткен;
 

бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол мәселе бойынша өзіне қатысты бұрын тексеру немесе профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындаған;

Кәсіпкерлік кодексте көзделген ақпараттар мен құжаттар болмаған;
хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін тексеру тағайындалған;

тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеруді немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тапсырылған;

тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы бір актіде тексеруге немесе профилактикалық бақылау мен қадағалауға тартылатын бірнеше бақылау және қадағалау субъектісі көрсетілген;

тексерудің немесе профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдері Кәсіпкерлік кодексте белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
Кәсіпкерлік кодексінің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда, жібермеуге;

2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасына, сондай-ақ актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;

3) тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне /әрекетсіздігіне Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін шектейтін заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

5) тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;

6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші Кәсіпкерлік кодексте көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге және профилактикалық бақылау мен қадағалауға қатысуға тартуға құқылы.

Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген кезде бақылау және қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:

1)Кәсіпкерлік кодексінің талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау субъектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2)коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін ұсынуға, сондай-ақ тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың міндеттеріне және нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға қолжетімділік беруге;

3)тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

4)жүргізілген тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау аяқталған күні алғаны туралы белгі қоюға;

5)Кәсіпкерлік кодексінде не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

6)тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

7)хабарламаны алған жағдайда, тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған мерзімдерде бақылау және қадағалау объектісінің орналасқан жерінде болуға міндетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы 
бойынша департаменті.