Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

БҮГІН, 11-ЖЕЛТОҚСАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУЛАР КҮНІ

« Назад

БҮГІН, 11-ЖЕЛТОҚСАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУЛАР КҮНІ 11.12.2017 09:52

Әр ауылдың, елді мекеннің сол жердегі салыстырмалы биіктігіне қарай өз тауы, төбесі, белесі болады. Сол сияқты таулар жер шарының барлық құрлықтарында бар. Құрылықтық таулардың кейбірі өте биік болады. Солардың бірі ең ұзын тау жүйесі Анды болса, Непал мен Қытайдың Тибет автономиялы ауданы шекарасында жатқан Гималай тау жүйесіндегі Эверест шыңы – жер бетіндегі ең биік тау. Шың Қытай территориясының аумағында орналасқан.

Тауды ең бірінші өлшеген Джорджа Эверест ХІХ ғасырдың ортасында (англ. George Everest, 1790—1866). Эверест тауы ең алғаш 1953 жылы 29 мамырда  Тэнцинг Норгэем және Эдмундом Хилларилар аяқ басқан. Гималай тауындағы температура -25С-тан -40С градусқа жетеді, ал жел жылдамдығы 150 км/сағ. Гималаи тауындағы мұздық көлемі 33 тыс.км².

Сондай-ақ, таулардың өсетінін де білерсіздер. Мысалы, Эверест жылына 6,4 мм өседі екен. Бұл Жердегі ең жылдам өсетін тау шыңы болып табылады. Себебі Еуразия тектоникалық тақтасы жылдам тартылып жатыр        

Таулар − жер бетіндегі жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және жақпарлы құрылымды бөлік. 

Қасиетті Құранда таулар жайында мынандай мәліметтер кездеседі: «Біз алғашында бұл аманатты көктер мен тауларға бергенімізде, олар қорқып, оны алып жүруден бас тартты, адам баласы ғана өзіне қабылдады» («Ахзаб» сүресі, 72-аят).

горыҚазіргі уақытта ғалымдар таулардың жер астына кіріп тұрған бөліктерінің (мұзды мұхитта қалқып жүретін айсбергтер тәрізді) анағұрлым үлкен екенін әрі бұның жер бетіндегі орнықтылық пен тепе-теңдікті ұстап тұрғанын анықтады. «Тауларды қазық қылып қақпадық па?» («Нәба» сүресі, 7-аят); «Жерді теңселтпесін деп мығым таулар орналастырдық» («Әнбия» сүресі, 31-аят) деген аяттар осыны меңзейді. Ал, шындығында негізгі жерді теңселтіп, жер сілкінісі көп болатын жерлер осы таулар емес пе?

Әлемдегі ең биік таулар Гималай таулары боп табылады. Гималай тауының ұзындығы – 2400 шақырым, ал

Гималай таулары Непал мен Қытай арасында орналасқан. Бұл таудың қытайлық жағында тибеттіліктер тұрады.

ені 350 шақырым. Джамолунгма – тибет тіліндегі атауы, Эверест – ол ағылшынша атауы. Ол шың Гималай тауларының ең биік нүктесі. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 8848 метр.

Ал енді өзіміздің еліміздегі тауларға келіп тоқталсақ. Қазақстандағы ең биік таулар

  • Қазақстандағы ең биік әрі танымал таулардың бір – Іле Алатауы. Ол республиканың оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тізбегі.
  • Тянь-Шаньнның оратлық бөлігінде, Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай шекараларының қиылысқан жерінде ең биік шыңдардың бірі, Қазақстанның ең биік нүктесі Хан – Тәңірі шыңы жатыр. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен  6 995 метр.
  • Ал республиканың оңтүстік – шығысында Жоңғар Алатауы тауы жатыр. Қазір бұл тау жүйесі Жетісу Алатауы деп аталып келеді. Негізі Жетісу Алатауы дегеніміз жөн. Бұл тұмса табиғатының көркі таңдандыратын тамаша жер. 
  • Мемлекеттің шығысында Зайсан көлінен Қара Ертіс алабына дейін Алтай таулары созылып жатыр. Оларды үш аумаққа бөледі: Оңтүстік Алтай (Нарын, Күршім жоталары кіреді), Кенді Алтай (Иванов, Холзун, Листвяга, Катун, Үлбі жоталары), Қалба жоталары. Мұнда Алтайдың символы Мұзтау тауы орналасқан. Ол – басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі. Оның биіктігі – теңіз деңгейінен 4 506 метр.

Қазақстан аумағындағы тау шыңдары

  • Хан Тәңірі (Сарыжаз жотасы) - 6995 м
  • Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы (Меридиандық жота) - 6276 м
  • Талғар шыңы (Іле Алатауы) - 4973 м
  • Шоқтал тауы (Күнгей Алатау) - 4770 м
  • Бесақан тауы (Жоңғар Алатауы) - 4622 м
  • Металлургтер тауы (Іле Алатауы) - 4600 м
  • Мұзтау шыңы (Алтай тауы) - 4506 м
  • Манас шыңы (Талас Алатауы) - 4482 м
  • Мұзтау шыңы (Сауыр тауы) 3818 м

Біздің Қызылорда облысы аумағына Қарату жотасының солтүстік – батыс сілемдері еніп жатыр. Оны ғалымдар Сырдариялық Қаратау деп те атайды. Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы.

Қаратау негізінен, Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Тек солтүстік – батыс бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында. Солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері Бессаз тауы (2175 м). Жота қатарласа жатқан Кіші Қаратау және оңтүстік – батыс Қаратау жоталарынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық ойыстар бөліп жатыр.

Қаратаудың шығысы және Кіші Қаратау протерозойлық тақтатас және құмтастарынан оңтүстік – батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломераттар және девонның жанартаутекті жыныстарынан түзілген. Қаратау қойнауында еліміздегі ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.), фосфорит (Ақсай, Жаңатас) кендері шоғырланған. Ал, біздің Қызылорда облысы аумағында Қаратауда түсті металдың мол қоры барланған. Әсіресе Шалқия кенішінде және Баласауысқанды жерінде ванадидің әлемдегі мол қоры барланған.

Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты болып келген. Қаратаудың оңтүстік – батысын Сырдария, солтүстік – шығысын Талас өзендері алаптары алып жатыр.

О.Айдаров,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
аға оқытушысы, г.ғ.к.