Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Ауыз су

« Назад

Ауыз су 24.03.2017 11:05

Ауыз су - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б) бактериологиялық және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуілді, осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады.
Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек: түсі 200-тен төмен, мөлдірлігі 30 –дан артық, лайлығы 2 мг/л ден аз, кермектілігі 7-100ммоль болу керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магнит тұздары аз болса, адам сүйегінің марттылығы өсіп кетеді, фтордың ауыз судың ағы мөлшері 0,7-1,5 мг/л- ден төмен болуы- флюроз кариес, темірдің, мыстың жетіспеуі- анемияға, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы- көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады.
Адамның 4/5 бөлігі- 80 пайызы судан тұрады.Кім судың зәрулігін, зардабын, қайғы-қасіретін көп шексе, сол судың қадір- қасиетін, қажеттігін, құндылығын терең түсінері сөзсіз.
Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы бойынша аудандағы ауыз су  жүйелеріне жүйелі түрде бақылау, қадағалау жұмыстары  атқарылып отыр. Аудан бойынша 14 орталықтандырылған ауыз су жүйесі,  халықты сапалы  ауыз сумен қамтамасыз етуде.Осы су жүйелерінен 2016 жыл бойына алынған су сынамаларынан сәйкессіздік  анықталған жоқ, су сапасы жылдан-жылға жақсаруы  анықталуда.Су сапасының көрсеткіштерін санитарлық талап бойынша ұстаудың бірден бір себебі ол, уақытылы су жүйелерінде залалсыздандыру  жұмыстарын жүргізу, су жүйесінің санитарлық-техникалық жағдайын одан әрі жақсарту, кездескен ақауларды дер кезінде жөндеу т.б. болып табылады. Су – тіршілік көзі, сусыз күніміз жоқ. Су керемет, сирек кездесетін минерал.
Судың да сұрауы бар дегендей- сапалы талапқа сай ауыз судың қасиетін біліп, қастерлеуді ұмытпайық ағайын!

М.Ерімбетова,
Сырдария аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының
жетекші маманы.