Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Арнаулы салық режимдеріне жаңадан енгізілген салық режим түрі - Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі

« Назад

Арнаулы салық режимдеріне жаңадан енгізілген салық режим түрі - Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі 23.05.2018 14:28

Құрметті салықтөлеушілер! Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі)  679 бабына сәйкес, осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды, оның ішінде басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылатынынескертеді.

Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес, оның ішінде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, шағын бизнес субъектілері үшін басқа да арнаулы салық режимдерінен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінен - тіркелген шегерім пайдалануға құқылы.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

Осы режимді қолдану мақсатында кірістер тізбесі кірістер деп қарастырылмайды.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде912.00 үлгідегі салықтық декларациясын  тапсырады.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде немесе 10 сәуірде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Нургул Нуржанова,
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының
бас маманы.