Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясы бар салық төлеушілердің назарына!

« Назад

Алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясы бар салық төлеушілердің назарына! 19.06.2017 08:53

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төленуіне қатысты   Алкоголь  өнімін  сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату қызметі  түрімен айналысатын салық төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда ,алым сомасын жыл сайын ағымды жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.

Осылайша, лицензиясы бар салық төлеушілер лицензиялық алымды:

  • Лицензия алған жылда-лицензия алуға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін бюджетке төлейді;
  • Лицензия алған жылдан кейін кейінгі жылдары- жыл сайын ағымды жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10-желтоқсанындағы №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқада да міндетті төлемдер туралы»(Салық кодексінің) 471 бабына сәйкес, лицензиялық алым мөлшерлемесі келесідей белгіленген;

Алкоголь өнімін  көтерме саудада сату үшін-200 АЕК;

Алкоголь өнімін бөлшек саудада сату үшін:

  • Астанада,республикалық  және облыстық манызы бар қалаларда-100 АЕК;
  • Аудандық манызы бар  қалаларда және  кенттерде—70 АЕК;
  • Қалған ауылдық елді мекендерде -30 АЕК және 105402 БЖК(лицензиялық алым) бойынша төленеді.

Егерде жоғарыдағы аталған тәртіп сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» (әрі қарай-ӘҚБтК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған,егер заң бұзушылық қайталанған жағдайда,лицензиядан айыру көзделген.

Лицензиясы бола тұра қызмет объектісі болмаған және кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан Қазақстан Республикасының 2014жылғы 11 мамырындағы Заңның «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» (бұдан әрі- Заң) 45-бабының 1- тармағына сәйкес Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының  заңдарында,соның ішінде Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар,Салық кодексінде көзделген еептілігін беруді тоқтата тұру немесе қызмет объектісінің жоқтығынан қызметтің тоқтатылуына   байланысты,берілген лицензияның қолданылуын тоқтату Заңмен көзделмеген.

Осыған байланысты,қызметін жүзеге асыратын  объектінің болмаған жағдайда да,қызметтің іс жүзінде  жүзеге асыруы-асырмауына қарамастан, жыл сайынғы  лицензиялық алым сомасы  лицензияатпен төленуге жатады.

Сіздердің назарыңызға айтарымыз, егерде алкоголь өнімін сақтау,көтерме және бөлшек саудада сату қызметімен айналасуды ағымды жылы тоқтатқан жағдайда лицензияны 2017жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей  өткізу қажет. Көрсеткен мерзімінде өткізбеген жағдайда, лицензиялық алым сомасын төлеу міндеттемесі 2018жылдың 1 қантарынан  басталады да,2018жылдың 20-шілдесіне   дейін орындалуға жатады.

Лицензиаттардың қызмет түрлері бойынша сақтау,көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясын жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу мерзіміне дейін немесе кейін тапсырған жағдайда, сонымен қатар осындай алымды  төлемегендерден ,лицензиялық алым сомасын өндіріп алу туралы мәселесі сот тәртібімен қарастырылатын болады.

 Л.Қыпшақбаева,
Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
«Тіркеу,ақпараттық технологиялар, ақпараттарды қабылдау
Және өндеу орталығы» бөлімінің бас маманы.