Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Алкоголь өнімдерін өткізуге (сатуға) лицензияны электронды түрде алыңыз

« Назад

Алкоголь өнімдерін өткізуге (сатуға) лицензияны электронды түрде алыңыз 15.04.2020 12:17

Мемлекеттік кірістер департаменті еліміздегі төтенше жағдайға байланысты алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияны электронды түрде алуды ұсынады.

Яғни, осы мемлекеттік  қызметті «Электрондық үкімет» порталы арқылы үйден немесе офистен шықпай  алуға толық мүмкіндік бар.

Лицензия алу үшін, e.gov.kz порталы арқылы өтінішті, онлайн бақылау кассалық аппараттың тіркеу карточкасының, төлемді жүргізгені туралы құжаттың, жалға алу келісім шартының сканерленген көшірмелерін (жалға алынған жағдайда) жолдау қажет. Лицензия 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

Төлемдерге келсек, лицензиялық алым облыс орталығына 100 айлық есептік көрсеткіш (265100 теңге), кенттерге 70 айлық есептік көрсеткіш (185570 теңге), ауылдық елді мекендере  30 айлық есептік көрсеткіш (79 530 теңге) белгіленген. 

Сұрақтар мен кеңес алу үшін Департаменттің Байланыс орталығының /7242/ 23-52-09,23-55-45, 23-83-90 телефондарына немесе www.kzl.kgd.gov.kz сайтындағы жауапты қызметкерлердің байланыс номерлеріне хабарласуға болады.

Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті.