Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі

« Назад

2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі 29.04.2020 13:20

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;

- жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;

- мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.

            Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса,  ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ-ның баспасөз орталығы.