Обратная связь
Ваше имя или название организации: *
Ваш E-mail или телефон: *
Текст: *

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу

« Назад

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу 26.03.2020 16:45

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 810, 811-бабтарына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды Кодекстің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу:

ескерту жасауды қоспағанда, баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;

құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;

олар бойынша істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;

олар бойынша істерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлері Кодекстің 804-бабының екінші және 2-1-бөліктерінде көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасаған жағдайда қолданылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кезде Кодекстің уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті табыс етеді.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адамның айыппұлды белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқығы бар.

Айыппұлды көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім заңды күшіне енді, ал адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.

Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қаралған іс қайта қаралуға жатпайды.

Сондай-ақ, жоғарыда көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Департаменті.